Жапонияда М.Әуезов театры Жапония еліне гастролдік турға аттанбақ

17:38, 14 желтоқсан 2017   168

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры Жапонияға гастрольдік сапармен барға жатыр. Отандық өнерпаздар соғыс кезінде Қазақстанда тұтқында болған жапондық Ахико Тецуроның өмірі туралы спектакль қоймақ. «Ақтастан шыққан Ахико» қойылымының премьерасы 21-25 желтоқсан аралығында Токиода өтеді. Қойылымның өзі қазақ тілінде, жапон тілінде синхронды аударма болады. Режиссер Асхат Маемеров қойылымды драматург Мәдина Омарованың пьесасы желісімен сахналады. Сонымен қатар, Токиода М.Әуезов театры «Ұлы дала халқы» концертін ұсынып, ұлттық бұйымдар көрмесін өткізеді.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: