Жуырда «Қиырдағы қазақтар» фильмiнiң кезектi сериясы жарыққа шығады

16:59, 6 ақпан 2018   196

Жуырда «Қиырдағы қазақтар» фильмiнiң кезектi сериясы жарыққа шығады. Аталған туынды Моңғолиядағы қандастардың өмiрiне арналмақ. Фильмнiң тұсаукесерi Астанада 13 ақпанда өтедi. Бұл туралы «Qazkontent» АҚ құрамындағы «E-history» порталының жетекшiсi Олжас Беркiнбаев хабарлайды. Оның айтуынша, «Қиырдағы қазақтар» - шетелдегi қазақтардың күнделiктi тұрмысын баяндайтын 8 сериялық деректi фильм. Жақында осы фильмнiң «Алыс та жақын Астрахань» атты жаңа сериясы шыққан болатын, ендi Моңғолиядағы қазақтар туралы сериясы жарық көреді.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: