window.fbAsyncInit = function() { FB.init({appId: '1573699319543265', xfbml: true, version: 'v2.2' }); }; (function(d, s, id){ var js, fjs = d.getElementsByTagName(s)[0]; if (d.getElementById(id)) {return;} js = d.createElement(s); js.id = id; js.src = "//connect.facebook.net/kk_KZ/sdk.js"; fjs.parentNode.insertBefore(js, fjs); }(document, 'script', 'facebook-jssdk'));

Ұлттық музейде әскери тақырыпта фотокөрме ашылды

17:09, 6 қаңтар 2017   864

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Ұлттық Ұланының фототілшісі Вячеслав Гельблингтің «Ұлттық Ұлан Тәуелсіздік күзетінде» атты жеке фото көрмесі өтуде. Шараға ҚР Ұлттық Ұланы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Мұхамедқали Құсайынұлы,Ұлттық Ұланның ардагерлер Кеңесінің төрағасы генерал-майор Қалиакпар Тоқышев және бірнеше әскери бөлімдерінің жауынгерлері қатысты. Көрме Елбасы Жарлығымен жасақталған Ішкі әскердің, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Көрме 12 қаңтарға дейін жалғасады.