window.fbAsyncInit = function() { FB.init({appId: '1573699319543265', xfbml: true, version: 'v2.2' }); }; (function(d, s, id){ var js, fjs = d.getElementsByTagName(s)[0]; if (d.getElementById(id)) {return;} js = d.createElement(s); js.id = id; js.src = "//connect.facebook.net/kk_KZ/sdk.js"; fjs.parentNode.insertBefore(js, fjs); }(document, 'script', 'facebook-jssdk'));

Астанада латвиялық Сергей Егерстің «Көктен төгілген дауыс» концерті өтеді

17:23, 9 желтоқсан 2016   676

11 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында латвиялық белгілі контратенор Сергей Егерс «Көктен төгілген дауыс» концерті өтеді.

Кеште фортепиано партиясын Егерстің отандасы Иева Шмите-Мисиня орындайды. Ол - Латвия радиосы хоры мен Латвия Мемлекеттік академиялық хорының көптеген музыкалық жобаларының қатысушысы.

Кеш репертуарын құрайтын музыкалық шығармалар, әралуандығымен ерекше. Көрермен назарына барокко дәуірінің шығармаларымен қатыр, Глюктің, Лоттидің, Каччинидің, Беллинидің туындылары мен латвиялық композиторлардың рождестволық әндері ұсынылады.