window.fbAsyncInit = function() { FB.init({appId: '1573699319543265', xfbml: true, version: 'v2.2' }); }; (function(d, s, id){ var js, fjs = d.getElementsByTagName(s)[0]; if (d.getElementById(id)) {return;} js = d.createElement(s); js.id = id; js.src = "//connect.facebook.net/kk_KZ/sdk.js"; fjs.parentNode.insertBefore(js, fjs); }(document, 'script', 'facebook-jssdk'));

Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Абай мұражайы меморандумға қол қойды

14:44, 12 қаңтар 2017   958

Кеше елордада Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мұндағы мақсат - қазақ халқының мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін кеңінен насихаттау, интернет кеңістігінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Ынтымақтастық меморандумының аясында «Abaialemi.kz» онлайн энциклопедиялық порталын бірлесіп толықтыруға және бірлескен бастамаларды әзірлеуге қатысу көзделеді.