Оңтүстік Қазақстан облысының өнер шеберлері желтоқсан айының соңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қытай Халық Республикасына гастрольдік сапармен барып қайтты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Қытай мемлекетінде өткен концерттік бағдарлама ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Қос ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, мәдени іс-шаралар арқылы қандастар рухын асқақтатып, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында өткен концерттік шара үш күнге жалғасқан.