10 ақпан күні Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледжінде Үлкен концерттік залының күрделі жөндеу жұмыстарынан өткеннен кейінгі мерекелік концерті өтеді. Аталған кешке құрметті қонақтар шақыртылады.
Атап айтқанда, ЖОО-ң, мамандырылған музыкалық мектептерінің ректорлары мен шығармашылық ұжымдардың жетекшілері шақыртылған.
Концерт бағдарламасында, симфониялық оркестр мен Ғ.Жұбанова атындағы ұлт аспаптар оркестрінің және «Алатау» студенттік хорының орындауында отандық және шетелдік композиторларының шығармалары орындалады.