window.fbAsyncInit = function() { FB.init({appId: '1573699319543265', xfbml: true, version: 'v2.2' }); }; (function(d, s, id){ var js, fjs = d.getElementsByTagName(s)[0]; if (d.getElementById(id)) {return;} js = d.createElement(s); js.id = id; js.src = "//connect.facebook.net/kk_KZ/sdk.js"; fjs.parentNode.insertBefore(js, fjs); }(document, 'script', 'facebook-jssdk'));

Қазақстандық пианист Хадиша Оңалбаева Нью-Йорк қаласындағы әлемге әйгілі Карнеги Холлда өнер көрсетті

17:44, 11 маусым 2018   5121

Шебер музыкант Нью-Йоркте өзінің жазған туындыларын, сонымен қатар Бетховен мен Чайковскийдің шығармаларын және қазақтың кең танымал әуендерін орындады. Америка жұртшылығына ұсынған өз шығармаларының арасында «Таңғаларлық кербез» және «Бірге ойланайық» атты өз туындыларын паш етті. Хадиша Оңалбаева АҚШ-та жұмыс істеп жүрген 15 жыл ішінде Steinway Artist жүлдесін жеңіп, 2017 жылы Алабама штатының үздік әртісі атанды.