Сандық эфирлік телехабар таратуға көшуге байланысты Маңғыстау облысы Ақтау радиотелевизиялық станциясында аналогтық хабар таратудың техникалық жабдықтарын ажырату арқылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Қазтелерадио» АҚ жақын маңдағы аудан тұрғындарына 13-17 мамыр аралығында радиохабарлар трансляциясы уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Аталған аймақта 13-17 мамыр күндері сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Classic, Qazaq radiosy, Shalqar радиолары хабар таратуын уақытша тоқтатады.