window.fbAsyncInit = function() { FB.init({appId: '1573699319543265', xfbml: true, version: 'v2.2' }); }; (function(d, s, id){ var js, fjs = d.getElementsByTagName(s)[0]; if (d.getElementById(id)) {return;} js = d.createElement(s); js.id = id; js.src = "//connect.facebook.net/kk_KZ/sdk.js"; fjs.parentNode.insertBefore(js, fjs); }(document, 'script', 'facebook-jssdk'));

Түркияда Бердібек Соқпақбаевтың түрік тіліне аударылған «Менің атым Қожа» кітабының және осы туындының желісімен түсірілген фильмнің тұсаукесері болып өтті

16:50, 4 маусым 2018   5027

Түркияның бас қаласы Анкараның Кечиөрен ауданында Қазақстан мәдениет күндері шеңберінде атақты балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың түрік тіліне аударылған «Менің атым Қожа» кітабының және осы туындының желісімен түсірілген фильмнің тұсаукесері болып өтті. Еуразия жазушылар одағы басып шығарған кітапты түрік оқырмандары үшін қазақ әдебиеттанушы Жәмиле Кынаджы аударған. Естеріңізге сала кетейік, «Менің атым Қожа» кітабы әлемнің 61 тіліне, ал фильмі 10-нан астам тілге аударылған.