«Classic» радиосы – республика аумағындағы тұңғыш әрі жалғыз классикалық музыка радиостанциясы. «Қазақстан» РТРК» АҚ мен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының бірлескен жобасы.
Идея авторы – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жәния Әубәкірова.
Хабар тарату форматы – әлемдегі түрлі ұлттық мектептердің академиялық музыкасы, джаз әуені.
Хабар тарату мерзімі – 2011 жыл, 6-шілде.
«Classic» радиосының миссиясы – жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттау, мәдениеттің дамуы, білім беру дәрежесін арттыру, музыкалық ағарту.
Халықаралық әріптестік:
- BR-Klassik (Мюнхен, Германия)
- Radio France International (Париж, Франция)
- ВВС (Лондон, Ұлыбритания)
- KUSC (Лос-Анджелес, АҚШ)
Алғашқы жетістіктер:
Хабар тарату жиіліктері:
Астана - 102,7 FM
Алматы - 102,8 FM
Ақтау - 103,00 FM